Алдымен «Астана Операдан» бастайық, биыл Қазақстанның бас театрының тоғызыншы маусымы қызықты оқиғаларға толы болды.

  • Театрға 60 мыңнан астам адам келді;

  • Үш премьера өтті- «Ақшақар және жеті гном» балеті, «Алпамыс» батырлық операсы, сондай-ақ «Алты би» комедиялық балеті;

  • Театрда 207-ден астам іс-шара өтті, оның ішінде, аты аңызға айналған өнер қайраткерлеріне, театр артистеріне және спектакль қоюшыларына арналған 45-ке жуық көрме өткен; театрдың қайырымдылық жобаларына 760-тан астам адам келген; 

  • Қазақстан бойынша 10 гастрольдік сапар, сондай-ақ театр артистері Жапония, Италия, Австралия, Ресей, Өзбекстан және Қырғыз Республикасындағы конкурстар мен фестивальдарға қатысты;

  • Балалар жылы аясында бірнеше жоба жүзеге асырылды: театрдың қолөнер студиясының ашылуы, «Балаларға арналған классикалық музыка апталығы» тұңғыш фестивалі, «Театр сабағы» жобасы.