• 30 мың адам «Астана Балет» театрына барған, және де театрда 90-ға жуық іс-шара өткізілді;

  • Бас дирижер Арман Оразғалиевтің жетекшілігімен симфониялық кәсіби оркестр құрылды. Қазір театрдың көптеген қойылымдары оркестрдің сүйемелдеуімен өтіп келеді, сондай-ақ театр афишасында симфониялық концерттер пайда болды;

  • Бес премьера өтті. Олар: «Фортепианоға және оркестрге арналған каприччио», «Тағдыр сыны», «Пейіштегі періштелер», «Орфей мен Евридика» балеті мен «Жібек жолы» авторлық спектаклі;

  • Гастрольдік қызмет географиясы кеңейтілді: артистер БАӘ мен Орал, Түркістан, Семей, Талдықорған қалаларында өнер көрсетті. Алматыдағы гастрольдік сапарында елордалық артистер «Almaty Theatre» көпфункционалды мәдени кеңістігінің ашылуына қатысты.