Министр өз сөзінде Алматы өңірінде климаттық ерекшеліктерге байланысты түрлі табиғи апаттар жиі болып тұратындығын атап өтті.

Юрий Ильин мемлекет басшысының елдегі төтенше жағдайлардың санын азайту жөніндегі тапсырмасын еске салып, бизнес-қауымдастық жауапты ведомствоға төтенше жағдайлардың алдын алуға көмектесуі тиіс екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, ол Алматының таулы аумақтарындағы көшкінге байланысты жағдайларды атады.

"Біз маршрутқа шығатын барлық туристік топтарды Алматының ТЖ департаменті мамандарымен мақұлдауға және хабарлауға міндеттеу жөнінде заңнамаға өзгеріс енгізуге бастамашы болуға ынталымыз. Туризмді дамыту бойынша фронт-офистің құрылуын ескере отырып, топтардың қалай қозғалатынын бақылау үшін РЖҚЖ-дан туристік маршруттарды тіркеудің электронды нұсқасын тезірек іске қосу қажет", - деп ұсынды Ю.Ильин.

ТЖМ басшысы азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру, құқықтық және әлеуметтік негізде қорғалуын арттыру мәселесіне ерекше назар аударды.

Сондай-ақ Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары полковник Ерлан Әлібеков 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы туралы баяндады. Ол мегаполистегі Төтенше жағдайлар санының 14%-ға және зардап шеккендер санының 12%-ға төмендегенін атап өтті. Өрт сөндіру қызметі 1 183 шақыруды жүзеге асырды, соның нәтижесінде ТЖ аймағынан 218 адам эвакуацияланды, бұл ретте 120 адамның өмірі құтқарылды.

Сонымен қатар, Республикалық жедел-құтқару жасағы мен өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің басшылығы 2022 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Жиынды қорытындылай келе Юрий Ильин Министрлік бөлімшелерінің қала аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға бағытталған қызметін жалғастыру қажеттігін атап өтті. Өз кезегінде ТЖМ басшылығы өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға әлеуметтік кепілдіктерді жақсартуға бағытталған барлық шараларды қабылдайтын болады. 

Министр өз сапары аясында «Сейсмология институты» мен «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедицияға» барды.