Қазақстан Президенті:

"Әлемдік экономиканың геосаяси турбуленттілігі мен тұрақсыздығы жағдайында біздің кездесуіміз Орталық Азия елдерінің бірлігін көрсетеді, жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге бірлесіп қарсы тұруға деген жалпы ұмтылысты куәландырады.

Біздің қарым-қатынастарымыздың ерекше сипаты бүгін өзінің мазмұны мен тарихи перспективасы бойынша қабылданатын, ХХІ ғасырда Орталық Азияны дамыту мақсатында достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартта бекітілген. Бұл тарихи құжат біздің бесжақты стратегиялық әріптестігіміздің жаңа кезеңін білдіреді.

Қазақстан өңірлік ынтымақтастықты жан-жақты нығайту, Орталық Азияның әлемдік аренадағы рөлін арттыру жөніндегі стратегиялық бағытқа адал болып қала беретініне сендіргім келеді".