Оның айтуынша, АЭА аумағындағы экономикалық қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын 818 қатысушы тіркелген. АЭА инвестициялық портфелін іске асыру есебінен отандық өнеркәсіпті дамыту үшін қосымша серпін беріледі. Инфрақұрылымдық жобалардан басқа АЭА аумағында 21 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 1,2  трлн  теңге сомасына 315 инвестициялық жоба іске асырылады. 

«Жобаларды іске асыру есебінен барлық уақытта 5,5 трлн теңге инвестиция салынды.  Оның ішінде өнеркәсіптік жобаларды іске асыруға - 2,2 трлн теңге. Жалпы 2018 жылдан бастап инвестиция тартудың оң динамикасы байқалады. АЭА аумағында өндірілген тауар өндірісінің көлемі 5,5 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш бойынша жыл сайын оң динамика байқалады және 2020 жылдан бері жалпы көрсеткіш 1 трлн теңгеден асады. АЭА тауар номенклатурасы өндірістің барлық салаларында орта және жоғары теехнологиялық тауарлармен ұсынылған. АЭА табиғатынан бірегей. АЭА қатысушылары жолға қойылған  өндірістік өзара іс-қимылдарымен ерекшеленеді. Олардың есебінен АЭА-да кластерлік тәсілдерді жоғары дамыту әлеуеті бар. «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймақ базасында соңғы буын, логистикалық кластер құрылды. «Астана – жаңа қала» АЭА бұрын Қазақстанда болмаған теміржол жасау, машина кластері құрылды. «Оңтүстік» АЭА – тоқыма өнеркәсібі жандандырылды. Ұлттық индустриялық мұнай химия технопаркімен және «Павлодар» АЭА мұнай-химия кластерінің негіздері қаланды», - деді спикер. Жалпы аймақ аумағында 300-ге жуық өнім түрі бар.