Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Атадағы үйі 1959 жылы салынған.

Қазақтың ұлы жазушысы бұл үйде 1959-1961 жылдары тұрып, жұмыс істеген, сондай-ақ өзінің «Өскен өркен» атты соңғы романын жазуды бастаған. Бірақ аяқтап үлгермеді.

1970 жылы қыркүйекте мұнда Мұхтар Әуезовтің кітапхана-музейінің ресми ашылу рәсімі өтті. Қазіргі уақытта музейде жазушының жеке заттары: үстел, орындықтар, тербелмелі кресло, үстел сағаты, киім ілгіш, кітап шкафы, кітаптар сақталған.

Жазушының қызы Ләйлә Мұхтарқызының бастамасымен кітапханаға алғашқы 5000 дана кітап жиналды. Қазір кітапханадағы кітап қоры – шамамен 12000.

Кітапхана-музейде семинарлар, оқу конференциялары, кездесулер өткізіліп тұрады.