Өткен екі жыл ішінде ҚарТУ осы рейтингтің екінші қатарында болды.

"Бұл профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің жоғары деңгейі, ЖОО ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмысы, халықаралық ынтымақтастық, түлектерді ақпараттық қамтамасыз ету және жұмысқа орналастыру сияқты академиялық басымдықтың объективті көрсеткіштері бойынша университет оқытушылары мен студенттері ұжымының жүйелі және тиімді жұмысының нәтижесі", – деп атап өтті А.Саңынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің баспасөз қызметінде.

Осы жылы Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті QS WUR әлемдік рейтингінің топ 651-700 қатарына енді. QS WUR жаһандық рейтингісіне әлемнің 2462 университеті қатысты. Қазақстанда 16 жоғары оқу орны, оның ішінде алты ұлттық университет бар. Бұл ретте ҚарТУ ҚР ЖОО арасында сегізінші орынға ие болды.