"Күн сайын еліміздің жолдарында 7 - ге дейін адам қаза тауып, 70-ке жуық адам түрлі дене жарақаттарын алады", - деді Жандос Мұраталиев.

Тек өткен аптада, айтылған мәліметтерге сәйкес, ел бойынша 200-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 50-ге жуық адам қаза тауып, 200-ден астам адам жарақат алды.

"Кәмелетке толмағандардың жарақаттану жағдайлары ерекше алаңдаушылық тудырады. Жыл басынан бері 2 мыңға жуық бала түрлі жарақат алып, олардың 90-нан астамы қайтыс болды. Жол апаттарын талдау олардың жасалуының негізгі себептері жылдамдық режимін асыру, маневр жасау ережелерін бұзу, қарама - қарсы қозғалыс жолағына шығу, аударылу, жаяу жүргіншілердің соқтығысуы болып қалатынын көрсетеді", - деп толықтырды Жандос Мұраталиев.