Оның айтуынша, Үкімет дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасын қабылдап, инфляцияны тежеп, төмендетпек. 


«Бұдан бөлек, сауда қызметін реттеу туралы заң осындай жағдайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке шекті бағаны, сауда үстемелерін белгілеуді және экспортты шектеуді көздейді. Сондай-ақ фискалдық шараларды күшейту, тауардың физикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету және егіс кезеңінде тұтыну үшін қажетті тауар көлемін белгілі бір аймақтың форвардтық сатып алуын қамтамасыз ету болды. Бұл үшін жергілікті атқарушы органдардың ресурстары жеткілікті. Нарықты қажетті тауармен толтырып отыруға сұранысы жоғары тауарларды өндіру мен өңдеуді ынталандыру шаралары да ықпал ететін болады. Бұл салалық мемлекеттік органның міндеті», - деді Сұлтанов.

 
Бұл ретте спикер қазіргі заманғы нарықтық сауда жүйесінің міндеті - сөрелерде әділ және болжамды баға белгілеуді қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті. Тиімді жүйенің негізі өндірістік - өткізу тізбегінің барлық қатысушыларының, яғни өндірушілер мен трейдерлердің, тасымалдаушылардың, сатушылардың және тұтынушылардың ортақ мүддесін сақтау. Ал бұл қағидаттардың бұзылуы тауарлардың физикалық қол жетімділігі, дүрлікпе сұраныс, бағаның өсуі және нәтижесінде тұтынушы құқығының бұзылуына әкеледі. Мұндай жағдайда мемлекет араласуға мәжбүр және қатысушылар арасындағы қатынастарды теңдестіру мақсатында реттеуші ретінде әрекет етеді.