Алмаз министрге ауыр созылмалы аурулармен ауыратын, жоғары технологиялық қымбат операцияларға мұқтаж ерекше адамдардың проблемаларына көп көңіл бөлгені үшін алғыс айтты.

"Оңтүстік өңірге барғанымызда Алмаз Уткуров біздің денсаулық сақтау саласындағы мүгедектігі бар адамдардың жағдайы, сондай-ақ жалпы әлеуметтік жүйе бойынша өте негізделген сұрақтар қойды. Оның сындарлы сөзін тыңдап, мен оған мүгедектігі бар адамдарға медициналық көмек көрсету мәселелері жөніндегі менің кеңесшім болуды ұсындым. Ерекше адамдардың проблемалары олардың денсаулығын қолдау, өмір сүру сапасын жақсарту тұрғысынан шешуді қажет етеді. Ертең Алмаз Уткуровты мүгедектер құқықтары жөніндегі кеңесші етіп тағайындау туралы бұйрық шығарылады, біз бірге жол картасын, жұмыс жоспарын жасаймыз және осындай қиын жағдайға тап болған адамдарға біртіндеп көмектесеміз", - деді министр.

Кездесу барысында министр профессор, "А.Н.Сызғанова атындағы ҰҒХО" АҚ Басқарма төрағасы Болатбек Баймахановпен, доктор Эдуард Шинмен терінің ойылуы болған жағдайда хирургиялық көмек көрсету, теріні ауыстырып салу бойынша операцияларды жүргізу мүмкіндігі, науқастардың осы санаты бойынша медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде осы шығыстарды төлеу мәселелерін талқылады.