Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ алаңында үшінші елдерден қант импортына тәуелділіктен арылу үшін барлық 5 елдің келісімі бойынша арнайы шешімдер қабылданды. Ол үшін арнайы баждар жасалды. 


«Ресейде, Беларусьте бұл дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік берді. Бүгінде олар өз-өздерін шикізат өндірумен қамтамасыз етті. Өкінішке орай, бізде климаттық жағдайларға және судың қол жетімділігіне байланысты бірқатар субъективті және объективті себептер бар... сондықтан бізде мұндай тәуелділік бар. Бізге АШМ-мен бірге тиісті бағдарлама әзірлеу тапсырылды, онда тауар өндірушілер тарапынан субсидиялау және қарсы міндеттемелер мәселелерін пысықтайтын боламыз, ең бастысы - осы өте маңызды өнімді өндіру үшін шикізат базасы уақытылы қамтамасыз етілуі үшін отандық фермерлер мен зауыттарды қолдау,. Бүгінде отандық қант саласын дамыту бойынша нақты қадамдар белгіленді», - деді спикер.