Жеңіл атлетика. Юджинде (АҚШ) өткен жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық жеңілатлет Нора Джеруто кедергілер арқылы 3000 метрге жүгіруден рекорд орнатып, жеңіске жетті.

Ауыр атлетика. Ташкентте жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионаты. Едіге Емберді, Денис Полубояринов, Никита Абдрахманов алтын медаль алды. Күміс жүлдегерлер: Дарья Балабюк, Аружан Дәулетова, Алина Колиушко, Алексей Чуркин, Надежда Ли. Ерасыл Омаров, Азамат Төлеген, Егор Шерер, Санжар Жолтай, Динара Қыпшақбай қола медальға ие болды.

Триатлон. Қазақстан Нұр-Сұлтанда өткен Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды. Дарын Қонысбаев - күміс, Егор Крупяков - қола медаль иегері атанды.