Оның айтуынша, ерте картоп өнімінің жиналуы ішкі нарықты молықтыруға және картоп бағасының тұрақтануына ықпал етті. Осы айдың басынан бері картоптың бағасы 5%-ға төмендеді, 184 тг/кг-нан 179 тг/кг-ға дейін.


«Картоп бойынша ішкі нарықтың айлық қажеттілігі 153 мың тоннаны құрайды. Қыркүйектен бастап күзгі картопты жинау басталады, оның көлемі 4 млн тоннадан асады, бұл ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етеді және белгілі бір көлемді экспортқа жөнелтуге мүмкіндік береді. Қырыққабат пен сәбіз бойынша да жағдай тұрақты. Яғни, ерте қырыққабат пен сәбіз көлемі күзгі егін жинағанға дейін ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Сонымен қатар тамыздың соңғы онкүндігінен бастап көкөніс өнімдерінің күзгі өнімі нарыққа шығады деп күтілуде», - деді Е.Қарашөкеев.