«Мысал ретінде 30 шілдеде құқық қорғау органдарымен бірлесіп жыл сайын өткізілетін Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күнін келтіруге болады. Теміржол вокзалдарында, әуежайларда, қаланың орталық көшелерінде халықты ақпараттандыру жүргізіледі. Сонымен  қатар ақпараттық  материалдар таратылады. Негізгі мақсат – өмірлік қиын жағдайға тап болғандарға көмек көрсететін ұйымдар және адам саудасының құрбаны болып қалмауы үшін қай жерге жүгінуге болатыны туралы ақпарат ұсыну. Сондай-ақ жастармен викториналар, дебаттар және кездесулер өткізіледі. Мемлекеттік органдар өкілдерімен ынтымақтастықтан тағы бір мысал, COVID-19 пандемиясы басталған сәттен бастап жаһандық коммуникациялық технологиялар белсенді түрде пайдаланылуда. Осыған байланысты Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен халықаралық  ұйымдардың өкілдерімен бірлесе отырып, ақпараттық  коммуникациялық технологияларды қолдау мақсатында Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне арналған ақпараттық марафондар өткізілді. Әлеуметтік желілерде ақпараттарды Орта Азия бойынша ҮЕҰ-дар таратады. Осылайша халықты адам саудасы мәселесі бойынша ақпараттандыру жұмыстары ауқымды жүргізіліп жатыр», - деді спикер. 


Сонымен қатар, «Сана Сезiм» Әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» Маңғыстау, Қарағанды және Түркістан облыстарында мобильдік топтар құру бойынша ҚР ІІМ-мен Халықаралық көші-қон ұйымының пилоттық жобасына қатысты.