Тұңғыш ғарышкеріміз 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен көкке ұшты. Ғарышта 7 күн 22 сағат 12 минут болды. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.