Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді қайтару жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылды. Қазіргі уақытта бірнеше бағыт бойынша жұмыстар қатар жүргізіліп жатыр: барлық облыстарда құқық қорғау және мемлекеттік органдарды тарта отырып ведомствоаралық топтар құрылды; 7,45 млн га алаңда 2 584 субъектіге қатысты «жаппай қауіп» шеңберінде Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелерінің тексерулер жүргізуін көздейтін ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы қабылданды. 1 млн 517 мың га алаңда жер пайдаланушыларға қатысты 601 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, 680,9 мың га жерге қатысты тағы 57 материал ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармаларында тіркеу сатысында тұр. 2021 жылы 210 мың га алаңда жер пайдаланушыларға қатысты 177 жоспардан тыс тексеру тіркелді.

Мемлекет пайдасына қайтарылған жерлерді одан әрі аграрлық сектор өкілдеріне тікелей пайдалануға беру үшін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер арқылы) бөледі.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз