Газдың болжамды теңгерімі бойынша шикі газды өндіруді жыл сайын 1,5 есеге, 57 млрд м3-ден 87-ге дейін арттыру жоспарлануда, бұл жыл сайынғы өсімнің орташа есеппен 5%-на дейін, оның ішінде үлесін қазіргі нөлдік мәндерден 6%-ға дейін жеткізу жоспарланып отырған жаңа кен орындарын іске қосу есебінен береді.

"Жоспарға қарамастан, іс жүзінде өндірілетін шикі газдың үштен бірі, негізінен ілеспе мұнай газы, қабатқа кері айдау, қаттық қысымды қолдау және өз қажеттіліктері үшін пайдаланылатынын ұмытпаған жөн. Іске асыру үшін қалған көлемді электр энергиясын өндіруде, газ химиясында және металлургия кәсіпорындарын қайта жарақтандыруда елеулі өсім бар, жылына 25 млрд м3-ден 33 млрд м3-ге дейін арттыру жоспарлануда", - деп атап өтті "Атамекен" ҚР ҰКП базалық салалар департаментінің басқарушы директоры Дінмұхамед Құдайбергенов.

2021-2024 жылдар кезеңінде экспорттың болжамды қысқаруын және 2025 жылдан бастап тауарлық газды ішкі нарыққа қайта бағдарлануын ескере отырып, тұтынушылар арасында ресурстарды бөлу және газды өндірумен, қайта өңдеумен, тасымалдаумен және өткізумен айналысатын кәсіпорындардың орнықты жұмыс істеуі үшін барабар құнды белгілеу жөнінде мәселе туындайды.

Кешенді жоспардың тағы бір тармағы - тауарлық газды перспективалық тұтыну бойынша болжамдар, атап айтқанда оны газ моторлы отын ретінде пайдалану жөніндегі іс-шараларды іске асыруды жалғастыру. 2018 жылы Үкімет қаулымен бағдарламаны бекітті және көлік үшін 500 млн м3 дейін тауарлық газ резервке қойылды.

"Резервке қарамастан, қоғамдық көлікті газ моторлы отынға көшіру жөніндегі жоспардың бұзылуы туралы айтуға болады, іс жүзінде жылына 50 млн м3 пайдаланылды. Осындай тәжірибеге ие бола отырып, бағдарламаны ШОБ субъектілерін міндетті түрде тарта отырып өзектендіру, үздік өңірлік және әлемдік практикалар мысалында мемлекеттік қолдау және ынталандыру шараларын талқылау қажет", - деді спикер.

Дінмұхамед Құдайбергенов сондай-ақ табиғи газды сығымдау (CNG) және сұйылту (LPG) технологияларын танымал ету, сондай-ақ инвестициялар мен озық технологияларды, оның ішінде институционалдық инвестициялық қорлар мен ESG қаржыландыру арқылы тарту тетіктерін қалыптастыру бойынша жұмыс алда тұрғанын атап өтті. Бұл арнайы карьерлік және ауыл шаруашылығы техникасын, жүк және коммерциялық көлікті, локомотивтік тартым мен су көлігін, оның ішінде халықаралық көлік дәліздері шеңберінде газға ауыстыру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін қажет.

"Кешенді бағдарламада газ теңгерімі 2030 жылға дейін жасалды, оны қамтамасыз ету шараларын ағымдағы бесжылдықта іске асыру қажет, бұл орталық мемлекеттік органдар деңгейінде де, корпоративтік секторда да тривиалды емес шешімдер қабылдауды талап етеді", - деп түсіндірді спикер.

Оның ішінде:

-халықтың әлеуметтік осал топтары үшін газ бағасын ұстап тұру және коммерциялық тұтынушылар үшін бағаны кезең-кезеңімен көтеру көзделетін тауарлық газға баға белгілеуді жетілдіру

- газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғырту

- тиімді фискалдық және реттеуші саясатты қалыптастыру арқылы барлау мен өндіруге инвестицияларды ынталандыру

- энергия үнемдеу және экономика салаларының энергетикалық көшуі жөніндегі іс-шараларды дамыту

- өнеркәсіп үшін газ ресурстарының шектеулілігіне (энергетика, мұнай-газ химиясы, көлік, сутегі, тыңайтқыштар өндірісі және т. б.), шағын және орта бизнес субъектілерінің тауарлық газға қол жеткізуіне, сондай-ақ құрылыс салушыдан / ЖАО-дан ҚТГ-аймаққа желілерді беруге байланысты мәселелерді шешу

- ЕАЭО-ға қатысушы елдердің ортақ газ нарығындағы ұстанымын күшейту.

2022 жылғы 18 шілдеде Үкімет Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған Кешенді жоспарын бекітті. Осы салалық құжат ағымдағы ахуалды талдауды, елді газдандыру, оның ішкі тұтынылуын қоса алғанда, құнды және стратегиялық ресурстағы қажеттілікті басқаруды және қолданыстағы және әлеуетті көлік бағыттары арқылы әлемдік нарықтарды энергия ресурстарымен қамтамасыз етуді қамтитын ішкі және сыртқы факторларды қамтиды.

Газ саласын дамытудың негізгі мақсаттары мен бағыттарында газ транзиті бойынша міндеттемелерді тұрақты орындау, газдың ресурстық базасын кеңейту және экспорт көлемін ұлғайту кезінде ҚР тұтынушыларын қауіпсіз және үздіксіз көгілдір отынмен қамтамасыз ету басым болып қала береді.