Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне шамамен 6,6 млн жұмыс істейтін азамат қатысады және 1,1 млн астам адам жыл бойы әлеуметтік төлемдер алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Бас директоры Нұрсұлу Кемел хабарлады.
Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда Қордан төленетін әлеуметтік төлем мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша бюджет қаражаты есебінен тағайындалады. Төлем медициналық-әлеуметтік сараптаманың жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу кезеңіне 30-дан 100%-ға дейін жүзеге асырылады және еңбек қызметінің жалғасуына қарамастан жүргізіледі. 2021 жылы 94,7 мыңға жуық адам аталған төлемді алды.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!