Оларды жою жұмысында Қарағанды, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы белсенділік танытты.
ШҚО, Маңғыстау, Атырау және Жамбыл облыстарында бұл бағытта төмен жұмыс байқалады.
Жалпы республика бойынша тарату деңгейі 36% - ды құрады. Бұл бағыттағы жұмыс жандандырылатын болады.
Қоқыс тастайтын жерлерді жою бойынша нашар жұмыс істегені үшін экология департаменттері 86 лауазымды тұлғаны (әкімдер мен әкімдер орынбасарлары) әкімшілік жауапкершілікке тартып, жалпы сомасы 7 млн теңгеден астам айыппұл салды.
Бұдан басқа, ІІМ және әкімдіктермен бірлесіп бекітілген жоспарды орындау шеңберінде 2022 жылғы 2-3 шілдеде экология департаменттері рекреация орындарында рейдтік іс-шаралар өткізді. Өндіріс қалдықтарымен жұмыс істеу бөлігінде халықпен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау туралы еске салатын жадынамалар таратылды.
WasteEdit және wasteviewer мобильді қосымшалары іске қосылды.
Ақпаратты "Қазақстан Ғарыш Сапары" сервистерінен https://waste.gharysh.kz сілтемесі арқылы, геосервистен http://oko.gharysh.kz сілтеме арқылы және "Oko KZ" мобильді қосымшасында көруге болады.
Барлық мобильді қосымшаларды PlayMarket және AppStore-да жүктеуге болады.