Олимпиада 2024 жылдың 24 шілдесінде басталады. Алғашқы медальдар дзюдо, семсерлесу, велоспорт, скейтбординг, жүзу, суға секіру, регби және атыс бойынша ойнатылады.

3-4 тамыз аралығында теннис, үстел теннисі, дзюдо, семсерлесу, жеңіл атлетика, садақ ату, велоспорт, гольф, ат спорты, есу спорты, гимнастика, бадминтон және жүзу бойынша чемпиондар анықталады.

11 тамызда Олимпиаданың жабылу күнінде күрес, жеңіл атлетика (марафон), ауыр атлетика, баскетбол, су добы, велоспорт, бессайыс және гандбол бойынша мықтылар анықталады.

2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының толық күнтізбесін мына жерден көруге болады.