«Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. 2021 жылы 225 мың анаға осы төлем тағайындалды. Биыл 100 мыңнан асты. Бұл бір реттік төлемдер.

1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Қордан ай сайынғы әлеуметтік төлем баланың туған күнінен бастап тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы 2 жылдағы орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды. Екі және одан да көп бала туған кезде төлем әрбір балаға жеке тағайындалады. 2021 жылы аталған төлем шамамен 385 мың адамға тағайындалды. Биыл бұл төлем түрі 200 мыңнан аста азаматқа тағайындалды»,  - деді спикер.