Қара металлургия және көмір өнеркәсібі басқармасының басшысы Жанат Игисиновтың айтуынша, жылыту маусымына дайындық биыл наурыз айында басталып кеткен. Министрлік облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде 2022-2023 жылдарға арналған көмір қажеттілігі бойынша жоспар жасады. Болжам бойынша келер жылыту маусымында көмірді жалпы тұтыну көлемі шамамен 9,5 млн тоннаны құрайтын болады. Аталған жол картасы тапшылықты болдырмау мақсатында бюджеттік ұйымдар мен халық үшін көмірді алдын ала дайындауды көздейді. Бүгінде құжат облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне жолданды. 

Айта кетерлігі, жиын барысында ҚТЖ өкілдеріне коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халыққа көмір тасымалдауға арналған вагондарды бірінші кезекте қамтамасыз ету тапсырылды.