Әлеуметтік желідегі парақшасында ансамбль чемпионаттың суреттері мен бейнелерімен бөліседі. Хореография бойынша негізгі конкурстан басқа, команда өз елін таныстыруы керек еді.

Ансамбльдің солистерімен бірге қойылымға көркемдік жетекші Ольга Ростовщикова және танымал қазақстандық рекордшы Сергей Цырульников қатысты.

Солтүстікқазақстандық бишілер "Жаңа толқын" жобасында орындаған Adam әншісінің "Гүлстан Қазақстан"композициясын таңдады.

25-ші Дүниежүзілік атқарушы өнер чемпионаты 31 шілдеде аяқталады. Оған әлемнің 72 елінен 3 000-нан астам адам қатысады.

"Sensitiv" ансамблі – естімейтін бишілер. Қазақстандағы бірегей және жалғыз ұжымға биыл-16 жыл. Балалар бірнеше рет түрлі халықаралық байқаулардың жеңімпаздары болды, онда дені сау бишілермен тең дәрежеде жарысты.

Барлық осы жеңістер мен жетістіктердің алдында хореограф, ұжымның негізін қалаушы Ольга Ростовщиковамен көп жылдық жұмыс болды.