Вице-министр құжаттың мақсат-міндеттеріне тоқтала кетіп, оның жергілікті биліктің жұмысына тікелей әсер ететінін және тұрғындар үшін маңыздылығын атап өтті.

«Заң жобасы жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың қызметін, мемлекеттік сатып алуларды және шешім қабылдау секілді тағы басқа жұмыстарды қамтиды. Оның басты мақсаты – жергілікті деңгейдегі биліктің мемлекеттік басқарудағы жоғары билікке деген бағыныштылығын реттеу, тәуелділігін төмендету. Бұл бағыттағы өзгерістердің бірі – тұрғылықты азаматтардың ашық дауыс беруі арқылы жергілікті өзін-өзі басқару өкілдік органы – Кеңесті құру болып табылады», - деді Б.Омарбеков.

Аталған заң жобасын талқылау барысында атқарушы билік өкілдерінің талап-тілектері мен ұсыныстары жиналып, заңнамалық жұмыстың кейінгі сатыларында енетін толықтырулар қарастырылды.