Жобаны іске асыру желіде шамамен 300 млн.кВт.сағ. қосымша электр энергиясын беруге мүмкіндік беретін ЖЭК көздерін елдің жалпы энергия жүйесіне белсенді интеграциялаудың жалғасы болып табылады, сонымен қатар жоба шеңберінде шамамен 15 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі тұжырымдамасында және Қазақстан-2050 стратегиясында елдің энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 2025 жылы 6%-ға, 2030 жылы 15%-ға және 2050 жылы 50%-ға (баламалы көздерді ескере отырып) жеткізу мақсаттары бекітілді.