Бөтелкелерге жалған акциздік маркалар мен түрлі отандық арақ шарап шығартын зауыттардың этикеткалары жапсырылған.

Екі цехтың ішіне тінту жүргізу барысында 16 мыңнан астам өткізуге дайын тұрған қолдан жасалған алкоголь өнімдері, 715 литр спирт, 15 мыңнан аса жалған акциздік маркалар алынды.

Қазіргі уақытта заңсыз әрекетке қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.