Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT-маманын даярлау міндетін қойған болатын. Сондықтан жаңадан құрылатын технопарк заманауи құрылғылармен жабықталып, онда тиісті мамандар әзірленеді.

Жалпы IT-нарығының ауқымы жыл сайын артып, сала мамандарына сұраныс көбейіп келеді. Алдағы уақытта  арнайы мектептер ашу жұмысы жанданбақ. Осылайша кадрлық мәселе біртіндеп шешіледі.

Сондай-ақ, министр Талдықорғандағы Полиция департаментінің жедел басқару орталығы жұмысын оң бағалады. Қауіпсіз қаланы қалыптастыруда бейнебақылау камераларының маңызы зор екенін айтты.