ХХ ғасырдың басында Жер бетінде тоғыз кіші түрге жататын 100 мыңға жуық жолбарыс өмір сүрді. ХХІ ғасырдың басында шамамен 3,5 мыңы ғана қалды. Тұран жолбарыстарының соңғы өкілдері 1970 жылдары жоғалып кетті, деді Беркінбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында.

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балқаш маңында жолбарысты қалпына келтіру бағдарламасын әзірледі, ол 15 жылға есептелген. Ол мекендейтін жерлерді дайындауды, жолбарыстарды табиғатқа шығаруды және бағдарламаның сәттілігін бақылауды қамтиды.

"Қазіргі уақытта жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақ –"Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерваты құрылды, онда биотехникалық іс-шаралар жүргізу есебінен қабан, құлан, қарақұйрық тығыздығын арттыру, сондай-ақ бұхар бұғыларының популяциясын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осыдан кейін экожүйе жолбарыстың өміршең популяциясын қолдауға қабілетті болады", – деді Экология министрлігінің өкілі.

Айта кетейік, 2010 жылы Қазақстан Халықаралық жолбарыс саммитінде Тұран жолбарысының популяциясын Орта Азияға қайтаруға дайын екенін жариялады. Ал 2017 жылы Қазақстан мен Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) арасында Іле өзені атырауында және оңтүстік Балқаш маңы аумағында жолбарысты реинтродукциялау жөніндегі Бағдарламаны іске асыру туралы Меморандумға қол қойыды.

"Қазақстанның жабайы табиғатындағы алғашқы жолбарыстар 2025 жылы пайда болуы мүмкін", – деді Беркінбаев.