"Бүгін бізге қонаққа @Димаш Құдайберген келді. Әртіс студенттік шығармашылықты және студенттік жастардың қатысуымен жобаларды дамыту бойынша өз идеяларымен бөлісті", - деп жазды министр.

Оның айтуынша, олар сондай-ақ мәдениет саласындағы креативті индустрия мен менеджмент үшін кадрлар даярлау мәселелерін талқылады.

"Димаш Құдайбергеннің ұсынысын ғылым және жоғары білім министрлігінің жұмысында міндетті түрде ескереміз. Біз үнемі пікір алмасуға және қарым-қатынасымызды жалғастыруға келістік. Димаштың ғылым мен білімді дәріптеу үшін күш-жігер мен өз мүмкіндіктерін жұмсауға дайын екендігі қуантады", - деді Саясат Нұрбек.