Фестиваль Ақсуат медресесінің салтанатты ашылу рәсімінен басталды. Ашылу салтанатына имамдар арасында Құран оқуларының облыстық конкурсы орайластырылды.

Фестиваль аясында Қабанбай батырдың 330 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Фестивальдің басты оқиғасы – қазақ күресінен халықаралық турнир өтті. Біріккен күрес әлемінің (UWW) күнтізбесіне енген үш күндік турнир өз туын сегізінші рет көтеріп, түрлі елдердің балуандарын біріктірді.

Биыл оған 19 елдің спортшылары қатысты. Фестиваль 140 шақырымдық бәйгемен аяқталады. Фестиваль іс-шараларының ішінде: "Аssүл dombura 2022" байқауының гранд-финалы, қазақстандық эстрада жұлдыздарының гала-концерті де бар