Байқау онлайн-режимде өтеді. Оған Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың және Қарулы күштердің әскери басқару органдарындағы басшылық лауазымдарда кемінде екі жыл тәжірибесі немесе бес жылдық әскери қызмет өтілі бар офицерлер қатысады. Қарулы күштерде кемінде бес жыл әскери қызмет өтілі бар запастағы офицерлер де өз мүмкіндіктерін сынай алады.

Қорғаныс министрлігінің Ақпараттандыру департаменті конкурс өткізудің бірыңғай алгоритмін әзірледі. Үміткерлер тіркелу, нормативтік құқықтық актілерді білуін көрсету үшін емтихандар тапсырып, IQ және SHL тестілеуінен өту керек. Осы кезеңдердің нәтижелеріне сәйкес 50 үздік офицер іріктелетін болады.

Конкурсқа қатысушыларды комиссия кездесуге шақыртып, онда олар қарулы күштерді цифрландыру жөніндегі өз идеясын ұсынады. Презентация мәселе-шешім-қорытынды алгоритміне негізделген.

Соңғы кезеңде іріктелген 30 үздік кандидат Қорғаныс министрлігі басшылығымен жеке әңгімелесуден өтеді. Осыдан кейін лауазымға тағайындау туралы шешім қабылданады.

Барлық сынақтардан өткен офицерлер екі ай ішінде арнайы курстардан өтеді. Олар қорғаныс ведомствосының бірыңғай цифрлық даму саясатының бастамасына қатысушы және жолсеріктеріне айналады.

Тестілеудің басталу күні ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми интернет-ресурстарында жарияланады.
Байқау шарттарымен сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.youtube.com/watch?v=z2us9l5hE4A