Медициналық жоғары оқу орындарын бітірген 4137 түлектің 2981-і   өңірлерге былай бөлінді: бакалавриат – 116, интернатура – 2644, резидентура-1153, магистратура – 90, докторантура – 134.   Ал, мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында медициналық мамандықтар бойынша 2022 жылы оқуын аяқтаған 1156 түлек “Білім туралы” заңның 17-2 тармағына сәйкес  мемлекет есебінен тегін оқу ақысын еңбекпен өтеу міндеттемесінен босатылды (олардың қатарына мүгедектігі бар жандар, резидентура, магистратура, докторантурада оқуын жалғастырушылар, жүкті әйелдер немесе үш жасқа дейін баласы бар немесе баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырғандар т.б. жатады).

Айта кетерлік жайт,  жергілікті әкімдіктер өңірлерге кадр тарту әрі ынталандыру мақсатында ауылдық жерге еңбек етуге келген жас мамандарға  100 АЕК көлемінде көтермелеу қаржысын төлеуді қарастырады және 1500 АЕК көлемінде үй алуға немесе үй құрылысына бюджеттік кредит ұсынады. Сондай-ақ бірқатар өңірлерде республикалық не жергілік бюджет қаражаты есебінен, медициналық ұйымдардың бюджеттен тыс қаржысы есебінен  үй алуға бюджеттік кредит беру секілді қосымша әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған.

Сонымен қатар, жыл сайын медицина мамандықтарына мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі ұлғайып келеді. 2022 жылы шамамен 4700  грант, бөлінді. Оның ішінде бакалавр пен интерндерге –  2700 орын, резиденттерге – 1500 орын, магистранттарға – 325 орын, докторанттарға – 160 орын бөлініп отыр.