Оның айтуынша, ведомство құрылғаннан бері автоматтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Негізінен цифрландырудың бастапқы кезеңі 2011 жылы басталды. Бұл жылы «Әскерлерді, қара-жарақты, ресурстарды басқарудың автоматтандырылған жүйелерін құру және енгізу» деп аталатын бюджеттік инвестициялық бағдарлама қабылданды.

Жоба аясында атқарылған жұмыстар аясында белгілі бір оң нәтижелерге қол жеткізілді.

«Мысалы, мемлекеттік қызметтердің 93% электронды форматқа көшірілді. Бірқатар ақпарат жүйелері әзірленді. Соның ішінде адами және материалдық ресурстарды есепке алу ақпараттық жүйелері әзірленді, коммуникаиялық инфрақұрылым, киберқауіпсіздік бөлімшесі, киберқауіпсіздік саласында әскери мамандарды даярлау мен біліктілігін арттырудың көп деңгейлі жүйесі құрылды. Атап айтқанда, бакалавриат, магистратура, біліктілікті арттыру курстары. Бұл жетістіктердің аз ғана бөлігі», - деді спикер.