Оның мүмкіндіктері туралы ОКҚ брифингінде салалық ведомствоның вице-министрі Дархан Ахмедиев айтып берді7 Қорғаныс министрі орынбасарының айтуынша, жоба әскери қызметшілерге технологияларды оңтайландыру, бейімдеу және толық қолдану және инновацияларды енгізу үшін дұрыс цифрлық дағдыларды үйретуге бағытталған. «Біз үш санатқа бөлеміз. Бірінші санат - барлық әскери қызметшілерді цифрлық сауаттылықтың базалық дағдыларына оқыту. Екіншісі - қолданыстағы ақпараттық жүйелерді жаңғыртуды қолдау бойынша тікелей жұмыс істейтін мамандар, мұнда оларға терең білім қажет: технологияға ену, әрдайым трендте болу, жаңа технологияларды бақылау. Үшіншіден, CDTO, яғни Қорғаныс министрлігінің қолданыстағы процестерін қайта өңдеумен айналысатын цифрлық офицер. Айта кетейін, CDTO бойынша жақында конкурс жарияланады: ҚК барлық офицерлерінің арасында алты кезеңдік іріктеу өтеді. Қарулы күштерде 5 жыл қызмет атқарғандарда басшылық позицияға: Қорғаныс министрлігінің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасары немесе штаб бастығының орынбасары деңгейінде тағайындалуға мүмкіндік болады. Бұл әскерді цифрландыруға ауқымды ықпал етеді», - деп мәлімдеді спикер.