Шекара қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасында күніне 4,5 мыңға жуық жүк көлігі кіреді, оның 70%-ы шетелдік көлік. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, республикадағы жаңар-жағармай құю станцияларында төмен бағалары орташа айлық тұтынудың шамамен 120 мың тоннаға өсуіне алып келеді.
«Қазіргі уақытта министрлік дизель отынына сараланған бағаларды көздейтін бұйрық жобасын әзірледі. Бағалар резиденттікке, тұтыну көлеміне және көлік түріне байланысты сараланады. Осы бағыттағы жұмыс мүдделі мемлекеттік органдармен және тараптармен жалғасатын болады. Екіншіден, жол битумының тапшылығын болдырмау тапсырылды. Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша Ресей Федерациясынан гудрон импортына квота 280-нен 430 мың тоннаға дейін, сондай-ақ Ақтаудағы битум зауытында битум өндірісіне ұлғайтылды, бұл отандық битум өндірушілерге өндірісті 300 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде жыл сайынғы жиынтық қуаты жылына 1,2-1,3 млн тоннаны құрайтын болады, бұл жол құрылысы үшін ішкі нарықтың қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді», - деді спикер.
Министрдің айтуынша, тапшылық жол-құрылыс компанияларының битумды біркелкі іріктемеуіне байланысты туындайтынын атап өтті. Атап айтқанда, қысқы-көктемгі кезеңде битум өндіруге өтінімдер іс жүзінде келіп түспейді. Осыған байланысты ведомство Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, қысқы және көктемгі кезеңде битум сатып алу үшін бірыңғай өнім берушіні айқындау мәселесін пысықтауда.