Осы жылы 14 жоба іске асырылып, 9,5 мың жұмыс орны құрылады, оның ішінде І жартыжылдықта 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылды.

«Отын-энергетика кешенінің ең перспективалы салаларының бірі – мұнай-газ-химиясы. Еліміздің батыс бөлігінде мұнай-газ-химияны дамыту үшін қажетті көмірсутек шикізатының кен орындары шоғырланған. Мәселен, Атырау облысында биыл қуаты жылына 500 мың тонна болатын әлемдегі ірі полипропилен өндірісінің бірін іске қосу жоспарланып отыр. Осы жылдың ІІ жартыжылдығында өнімнің 1-ші партиясы алынбақ. 2024 жылға дейін Атырау облысында Қашаған кен орнынан алынатын шикізат базасында қуаты 1 млрд м3 шикі газ шығаратын газ өңдеу зауытын және Батыс Қазақстан облысында қуаты жылына 130 мың тонна метанол өндіру зауытын салуды аяқталады. Бұдан басқа, қуаты жылына 1,2 млн тонна полиэтилен және жылына 186 мың тонна бутадиен өндіру жобалары пысықтаудың әртүрлі сатыларында. Осы жобаларды іске асыру шеңберінде тартылатын инвестиция сомасы – шамамен 14 млрд АҚШ долларын құрайды және 2025 жылға дейін 14 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын болады. 2022 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша мұнай-газ саласында 3 240 жұмыс орны құрылды, жыл соңына дейін қосымша 689 жұмыс орнын құру көзделген», - деді министр.