Бағдарлама шеңберінде энергетикалық кешенді жаңғырту көзделген, бұл 2025 жылға дейін 3,2 мың жұмыс орнын құра отырып, жаңартылатын энергия көздері бойынша 40 жобаны іске қосу көзделген. Биыл 900-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 11 жаңартылатын энергия көзі жобасы іске қосылмақ.
Бүгінгі таңда 5 нысан өз жұмысын бастайды. Оның ішінде 3 күн электр станциясы және 330 жұмыс орны құрылған 2 жел электр станциясы бар. Жыл соңына дейін қосымша 577 жұмыс орны ашылатын болады. Сондай-ақ ведомство басшысы ірі жер қойнауын пайдаланушылар жүзеге асыратын жобаларға тоқталды.
«Биыл Қарашығанақты кеңейту жобасын іске асыру басталды. Өндіру сөресін қолдауға бағытталған осы жоба шеңберінде 2025 жылға дейін шамамен 2,6 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда. Ағымдағы жылға жоспарланған 2 мың жұмыс орнының ішінде 1,5 мың жұмыс орны құрылды. Қашаған кен орнында су тазарту қондырғысы бойынша жоба жүзеге асырылуда. Сонымен қатар Қашағанда өндіруді ұлғайту үшін 2А фазасы мен 2Б фазасын кеңейту жобалары қарастырылуда. Бұл жобаларда 2025 жылдың соңына дейін шамамен 3 мың жұмыс орны құрылады. Сонымен қатар ірі жер қойнауын пайдаланушылардың (ТШО, НКОК, КПО) айналасында түрлі жабдықтарды өндіруге және жеткізуге арналған 18 келісімшарт жасалды. Бұдан басқа, үш компания әлеуметтік нысандар құрылысы аясында 2 мыңға жуық уақытша, нысандар пайдалануға берілгеннен кейін 600-ден астам тұрақты жұмыс орнын ашатынын атап өткен жөн. «Қазмұнайгаз» компаниясы 2024 жылға дейін «1-кезек. Астрахань-Маңғышлақ магистральдық су құбырын реконструкциялау және кеңейтуді жоспарлауда, оның шеңберінде 1 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. 2023-2024 жылдар аралығында Маңғыстау облысындағы Тоқымақ кен орнында теңіз суын тұщыландыру зауытын салу жоспарлануда, мұнда құрылыс кезінде 242 жұмыс орны, сондай-ақ пайдалануға берілгеннен кейін 116 жұмыс орны ашылады», - деді министр өз баяндамасында.
Оның айтуынша, 2022-2024 жылдар кезеңінде Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытын салу кезінде 361 жұмыс орны құрылатын болады.