Біздің қоғамда қазірдің өзінде көп нәрсе өзгеруде, бірақ әзірге тек фрагменттерде құрылым, негіз өзгеріссіз қалады. Бұл біздің ойлау тәсіліміз, өмірге деген көзқарасымыз, не болып жатқанын өзімізге қалай түсіндіреміз және не негізінде шешім қабылдаймыз. Яғни, күнтізбелік уақыт пен техникалық ерекшеліктер өзгеруде, біз архаикалық болып қала береміз, өткенді жиі мадақтаймыз және сиқырлы синтезді армандаймыз: ескі ойлау және жаңа техника мен технология, біз кенеттен заманауи боламыз. Бірақ олай болмайды. Егер біз бұрынғыдай бірдей құндылықтармен өмір сүреміз деп ойласақ, онда біздің өткеніміз бүгінімізге айналады және болашаққа өтеді.

Шешім қабылдай отырып, біз өз ойларымызды қоғам бізге берген тұжырымдамалар мен теориялар негізінде, ата-бабаларымыздың ұрпақтары жинақтаған білім негізінде жасаймыз және бұл, негізінен, дұрыс. Бірақ егер бұл білім мен теориялар жаңартылмаса, онда кейбір күштер мен технологиялар біздің өмірімізді өзгертеді деп күту қисынсыз. Жаңа технологиялар ойлау тәсілі өзгеретін, жаңа теориялар қалыптасатын елдер ғана тиімді қолдана алады, ал ойлау тәсілін өзгерте алмайтындары артта қала бермек.

Біз жаңа логика мен жаңа құндылықтарды мүмкіндігінше орталық билік шешетін модельден алыстатуға тырысуымыз керек. Өкінішке орай, әзірге бізде мұндай модель басым. Сонда сұрақ туындайды: егер біз биліктің барлық шешімдерін күтетін болсақ, жаңа Қазақстан ескіден несімен ерекшеленеді? Біздің орнымызды өзін-өзі реттеуге, кооперативтік байланыстарды күшейтуге өзгертпей, біз жаңа ел бола алмаймыз. Әркім өзінен сұрауы керек: менде не өзгеруі керек деп? Өзіңізге нақты жауаптар беріңіз, олардың негізінде өзіңізді өзгерту үшін инвестициялар мен ресурстарды іздеңіз. Біз бәрін бірге жаппай өзгертуіміз керек.

Біздің қоғам, оның ішінде зияткерлік топтар әлі күнге дейін өздерінің жауапкершілігін билікке өткізіп қою ниетімен өмір сүріп келеді, "бізге бәрін түсіндірсін, бағыт-бағдар берсін" деген қағидатты ұстанып келеміз. Бірақ түсіндіру, әлем бейнесін жасау зиялылардың міндеті емес па. Саясаткерлер сәулетшілер емес, олар – прорабтар, олардың міндеті – зиялылар жасаған дайын модельдерді енгізу.

Бізге көбінесе кешенді көзқарас пен күш-жігер жетіспейді. Бұл қиын, ұзақ, ал біз жылдам жеңістерді қалаймыз. Сондықтан жауапкершілік жүктеуге басымдық беріледі.

Ойымша, бізге жапондықтардың үйренген абзал. Жапония тек ұжымдық ел болып саналады. Бірақ ол жауапкершілік тұрғысынан терең дараланған ел. Бұл елде адамдар өздері айналысатын іске үлкен жауапкершілікпен келеді.

Біздің қоғамда сүйікті және кеңінен қолданылатын формула бар. Бізде қызметкер өз міндеттерін жақсы орындамады деп айыпталған кезде, ол бәрі солай істейді, неге сіз мені ғана бұл үшін жазалайсыз деп аұталады. Яғни, өкінішке орай, бір-бірінен жауапсыздықты үйрену салты кең тараған. Жапонияда жағдай керісінше. Оларда табысталған жұмыс учаскесі үшін жауапкершілік өте зор.

Мен қазақстандықтарға осыны тілер едім. Ортақ мәселелерді шешуде ұжымдастырушы және жауапкершілікке қатысты терең индивидуалист болу керек. Жаңа Қазақстанды жоғарыдан билік қалыптастыра алмайды. Қоғам жаңғыруға, иерархиядан өзін-өзі реттеуге көшуге, өз күш-жігерін үйлестіруге, шешімдер қабылдауға және олар үшін жауапты болуға қабілетті дербес қоғамдастықтар құруға дайын болуға тиіс. Сонда ғана нағыз Жаңа Қазақстанды қалыптастыра аламыз деп айтуға толық мүмкіндік бар.