"Қазақстандағы екінші атом станциясы Ертісте Курчатов қаласының ауданында пайда болуы мүмкін. Егер Қазақстан көміртектік бейтараптыққа жол бастайтын болса, онда бірнеше атом электр станцияларын салудан басқа амал жоқ. Яғни, Ертіс – болашағы зор алаң", - деді министрдің орынбасары.
Бұл мәселе бойынша қазір тиісті талқылаулар жүріп жатыр, деп қосты ол.