Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі ҚР Денсаулық сақатау министрі Ажар Ғиният хабарлады.

«Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарында, амбулаторияларда 80 мың пациентке жететін дәрілік заттар қоры бар. Сонымен қатар министрлік бөлшек және көтерме сауда орындарда дәрілік заттардың болуына тұрақты мониторинг жүргізеді. Бүгінгі күні осы ұйымдарда дәрілік заттардың 3 айға жеткілікті қоры бар және қажет болған жағдайда уақытылы толтырылады. Бұдан басқа, осы жылдың басынан бастап медициналық ұйымдарға 6 млрд теңгеге дәрілік заттар әкелінді, бұл жылдық көлемнің 70%-ын құрайды», - деді А.Ғиният.