Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі ҚР Денсаулық сақатау министрі Ажар Ғиният хабарлады. Бүгінгі күні егілуге тиісті ересек тұрғындардың 80%-дан астамы немесе еліміздің барлық халқының 56%-дан астамы КВИ-ға қарсы вакцина алды.

«Республикада халықты ревакцинациялау жалғасып жатыр, бүгінгі күні ревакцинациямен 5 млн астам адам қамтылды, ол егілуге тиісті халықтың 68%-ын құрайды. Бір тәулікте 14 мыңнан астам адам егіліп жатыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда халықты вакцинациялау вакцинаның 3 түрі: QazVac, Sinofarm және Pfizer қолжетімді, барлығы 1 млн 200 мың доза бар. Вакцинаны тұтыну қарқынын ескере отырып, иммундық-профилактиканы қамтамасыз ету үшін үкімет 800 мың дозаны күзгі-қысқы айларға алып қоюды жоспарлауда», - деді ведомство басшысы