Денсаулық сақтау министрлігі олардың денсаулығына баса назар аударады. «Оқу жылы басталғанда эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеу шаралары қабылдануы мүмкін. Мамандардың айтуынша, мектептегі санитарлық талаптар күшейтіледі, егер қыркүйек айларында ауру өршіп тұрса, онда балалар арасында көпшілікпен өтетін шараларға шектеулер қойылады. Өңірлердің қай аймақта тұрғанына байланысты шаралар қабылданады. Жыл басынан бері 6 мыңнан астам бала ауырды. Қазір аурунахана 423 бала емделіп жатыр. Әр баланың денсаулығы министрлік деңгейінде қаралады. Бүгінгі таңда осы ауырған балалардың ішінде 21% жеңіл, 77% орташа, 0,7% ауыр халде, яғни, 3 бала реанимацияда жатыр. Оларды емдеу жұмысына республикалық деңгейдегі мамандар да араласуда», - деді министр өз жауабында.