Тараптар Қазақстан мен Андорраның екіжақты ынтымақтастығы тұрақты, үдемелі сипатқа ие, сындарлы және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталғанын атап өтті. Ең озық және перспективалы бағыт - туристік сектор. Қазақстан мен Андорра халықаралық құрылымдарда бір-біріне өзара қолдау көрсетеді, Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясы мен ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы алаңдарында парламентаралық байланыстарды дамытады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды. Бұл біздің елдеріміз арасындағы бірінші үкіметаралық келісім болды.

Сапар барысында М.Убахты ҚР Премьер-Министрі Әліхан Смайылов қабылдайды, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары - Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыханмен кездеседі, сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының, Мәжілісінің басшылығымен келіссөздер жүргізеді және «Астана» Халықаралық қаржы орталығына барады.