Кездесу барысында Қазақстан мен Франция арасындағы денсаулық сақтау саласындағы серіктестік туралы Декларациямен регламенттелген ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Декларацияға ҚР ДСМ және Францияның Сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық министрлігі арасында 2021 жылғы мамырда қол қойылды.

Аталған құжат академиялық ұтқырлық және медицина кадрларының біліктілігін арттыру; онкология және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық; әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау; медициналық-санитариялық алғашқы көмек; медициналық технологиялар мен инновациялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейді.

Кездесу соңында тараптар Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға бағытталған екіжақты өзара іс-қимылды дамытуға дайын екендіктерін білдірді.