Делегацияға Орталық Азия елінің 22 өкілі кірді.

Қазақстандық делегация объектідегі қауіпсіздік ережелері туралы хабардар етілді, содан кейін құрылыс алаңына барды.

Akkuyu Nükleer AŞ компаниясының бас директоры Анастасия Зотеевамен және басқа да жауапты тұлғалармен кездесу өтті.

Зотеева қазақстандық делегацияның сапарына қанағаттанушылық білдіріп, "Аккую" АЭС-тің Түркия үшін маңызы туралы айтты.

"Ынтымақтастық пен инженерлік шеберлік атмосферасын көруге мүмкіндік туды. "Аккую" АЭС – "строй – управляй – передай" схемасы бойынша жүзеге асырылатын әлемдегі алғашқы және жалғыз атом электр станциясының жобасы", - деп атап өтті ол.

Мерсин провинциясындағы "Аккую" алаңында атом электр станциясын салу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық бойынша Түркия мен Ресейдің үкіметаралық келісіміне 2010 жылғы 12 мамырда қол қойылды. Бірінші түрік АЭС жобасы жиынтық қуаты 4800 мегаватт ВВЭР-1200 реакторлары бар төрт энергия блогын қамтиды. АЭС-тің бірінші блогы 2023 жылы, Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына орай пайдалануға беріледі.

АЭС электр энергиясын 60 жыл бойы өндіретін болады. Атом электр станциясы Түркияның электр энергиясына деген қажеттілігінің 10 пайызын қамтамасыз етеді деп жоспарлануда.

Қазіргі уақытта "Аққую" АЭС құрылысы жобасын іске асыруға 783 адам тартылған. Құрылыс шыңында оған тоғыз мыңға жуық адам тартылады. АЭС пайдалануға берілгеннен кейін онда 3,5 мың адам жұмыс істейтін болады.

АЭС тәулігіне 24 сағат және аптасына жеті күн электр энергиясын қоршаған ортаға зиян келтірмей үздіксіз өндіретін болады.