Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер спикерлерге осындай сұрақ қойды. ҚР ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры Бауыржан Жүсіповтың айтуынша, Мемлекет басшысының Президенттің тапсырмасына сәйкес ДСМ «СК-Фармация» ЖШС-мен және басқа да отандық тауар өндірушілермен бірге осы тапсырманы орындау аясында жұмыс жүргізуде.

«Қазіргі таңда 2021 жылдың қорытындысы бойынша отандық тауар өндірушілердің үлесі 21-22% жетті. Жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Біріншіден, отандық тауар өндірушілермен «СК-Фармация» арқылы арнайы ұзақ мерзімді келісімшарттар жасалады. Келісімшарт 10 жылдық мерзімге бекітіледі. Осы 10 жылдың шінде тауар өндіруші дәрі-дәрмегін шығарады және біз мемлекет есебінен оны бірнеше жыл бойы сатып алуға міндеттелеміз. Яғни, отандық тауар өндірушілерге өзі шығарған дәрі-дәрмек көлемін мемлекетке сатып, өндірісін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. ДСМ-мен осындай механизм енгізілген және ол соңғы жылдары өзінің өте жақсы нәтижелерін көрсетуде. Соның арқасында елімізді, пациенттерді отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудеміз», - деді спикер өз жауабында.

Оның айтуынша, дәрі-дәрмек өндірісін дамыту оңай емес, бұл қиын технологиялық процесс. Сол себепті елімізге шетелдік белгілі, беделді компаниялар да тартылуда. «Биг фарма» деп аталатын дәрі-дәрмек шығаратын «Топ-50» кіретін компаниялар бар, сол компанияларды өз өндірісін елімізде локализациялауға шақырамыз. Бұл мамандарға, зауыттарға жаңа технологияларды трансферттеуге, құрал-жабдықтарды алып келуге және қажетті инновациялық түпнұсқа дәрі-дәрмекті өзімізде шығаруға мүмкіндік береді. Осы мәселе бойынша бірнеше компаниямен келіссөз жүргзілді, арнайы бекітілген меморандум бар», - деді Жүсіпов.

Тағы бір мәселе - кадр мәселесі, ғылымды дамыту мәселесі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен арнайы Холдниг құрылды, оған да біршама міндет жүктелді. Холдинг отандық дәрі-дәрмекті, әсіресе отандық ғалымдар ойлап тапқан вакцина шығару бойынша жұмысты жалғастырады.