Сатып алу алдын ала жүргізіледі, ал келесі жылға арналған препараттар биылғы жылы сатып алынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Исқалиев мәлімдеді.

«Маңызды шарттардың бірі жеткізу кестесі болып табылады. Біз сатып алынған дәрі-дәрмекті желтоқсан айында аламыз. «СК-Фармация» өз қызметінде халықаралық басқару стандарттарын және дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың сапалы дистрибьюциясын сақтайды. Соңғы жылдары Денсаулық сақтау бюджетінің өсуі байқалады. Осылайша, 2022 жылы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің мемлекеттік бюджетінің шығындары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға өсті. Жыл сайын мемлекет амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қаржыландыруды арттырады, нозологиялар мен халықты қамту ұлғаюда. Медициналық сақтандыру шеңберінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шығындарының өсуі 46%-ды құрады. Бірыңғай дистрибьютордың тізімінде 2022 жылы 1719 дәрі-дәрмек атауы мен медициналық бұйым бар. Тізімді ДСМ бекітеді. Онда әр препарат бойынша шекті сатып алу бағасы көрсетіледі. Медициналық ұйымдар 2022 жылға 1610 дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілігін мәлімдеген», - деді спикер.

Оның айтуынша, бюджет қаражатын үнемдеу - бірыңғай дистрибьютордың қызметінің маңызды стратегиялық бағыттарының бірі. Бірыңғай дистрибьютор жұмыс істеген жылдар ішінде барлығы 189 млрд теңге үнемделді. 2022 жылы үнемдеу 27 млрд теңгені құрады.

«Бұл ретте үнемделген бюджет қосымша сатып алуға бағытталады, бұл, өз кезегінде, пациенттердің көбісін тегін дәрілік қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сатып алуды орталықтандыру және барлық өңірлерден қажеттілік көлемін шоғырландыру осындай нәтижеге қолайлы болды. Сондай-ақ, медициналық ұйымдарда, Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында және жеткізушілерде әрдайым дәрі-дәрмектердің төмендетілмейтін қалдығының бекітілген деңгейі болады. Сатып алынатын дәрі-дәрмектердің жалпы санының 25%-ға дейінгі көлемде төмендетілмейтін қорды қалыптастыру маңызды шара болып табылады. Бұл, өз кезегінде, дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз етуге, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қажеттіліктеріне жедел әрекет етуге, жеткізу циклін оңтайландыруға және есепке алу мен жоспарлаудың дәлдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Исқалиев.

Бұдан басқа, елдің медициналық ұйымдарына кесте бойынша КВИ емдеу хаттамасына сәйкес дәрі-дәрмектер үздіксіз жөнелтіледі және айлық қор қамтамасыз етіледі. Ал амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде COVID-19 жаңа нозологиясы енгізіліп, емханаларға дәрі-дәрмектердің 5 түрі – қызуды төмендететін дәрі-дәрмектер мен антикоагулянттар жөнелтілді.