Кездесу барысында тараптар денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан-Израиль серіктестігін талқылады.
 
Атап айтқанда, ҚР ДСМ басшысы Израильмен медициналық білім беру, медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру және Израильдің университеттерімен және медициналық ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту саласындағы серіктестікті дамыту басым болып табылатынын атап өтті. Бұл "Рафаэль" медициналық орталығы, "Шиба", Иерусалим университеті, Хадаса университетінің ауруханасы, Ариэль университеті және т. б.
 
Сондай-ақ, "Астана медицина университеті" КЕАҚ "Шиба" медициналық орталығымен ынтымақтастық туралы 2 меморандум жасасты.
 
Кездесуді қорытындылай отырып, тараптар әріптестікті одан әрі жалғастыруға және халықтың денсаулығын сақтауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.