Қазақстан нарықтық экономикасы бар ел бола отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) бөлшек сауда бағаларын бақылауды енгізді, оның мақсаты әділ және болжамды баға белгілеуді қамтамасыз ету болып табылады.

ҚР СИМ Сауда комитетінде ӘМАТ тізбесіне 19 азық-түлік, жарма және көкөністер кіретінін еске салады (1-ші сұрыпты ұн, 1-ші сұрыпты ұннан жасалған нан (формалы), түтік кеспе (өлшеніп сатылатын), қарақұмық (өлшеніп сатылатын), күріш (өлшеніп сатылатын), картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, құмшекер, күнбағыс майы, сиыр еті (сүйектері бар жауырын-төс бөлігі), тауық еті (сан және жіліншік сүйегі), жұмсақ қаптамадағы сүт  майлылығы 2,5% , жұмсақ қаптамадағы айран майлылығы  2,5%, сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%), тауық жұмыртқасы (I санаты), ас тұзы ("Экстра"-дан басқа), сүзбе 5 – 9% майлылығы).

Бұл ретте шекті сауда үстемесінің рұқсат етілген мөлшері өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда жеткізушінің сатып алу бағасының 15%-ынан аспайды15%-дан асып кету ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабы негізінде әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

ӘМАТ бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында Сауда комитеті "үй жанындағы" дүкендердегі сауда үстемесін бақылау бойынша әкімдіктерді үйлестіруді жүзеге асырады.

Соңғы аптада рейдтік іс-шаралармен 40,3 мың «үй жанындағы» дүкен қамтылып, онда 734 сауда үстемесін бұзушылық  анықталды.

Ең көп бұзушылық Нұр-Сұлтан қаласында (278) және ШҚО-да (80) анықталды.

Одан әрі Түркістан облысында (38), БҚО-да (33), Қостанай облысында және Маңғыстау облысында (32-ден), Жетісу облысында (30).

Одан кейін Алматы облысы (28), Атырау облысы (27), Алматы қаласы және Жамбыл облысы (23-тен), Ақмола облысы (21).

Павлодар облысында - 17, Ақтөбе облысында-13, СҚО-12, Қарағанды облысында және Қызылорда облысында (11-ден), Абай облысында және Шымкент қаласында (10-нан).

Ең аз бұзушылықтар Ұлытау облысында (6).

Жүргізілетін жұмыс бизнес субъектілерінің сауда үстеме бағасын өз еркімен төмендеткенімен сипатталады. Сонымен, түсіндіру жүргізу нәтижесінде сауда объектілері ӘМАТ-қа сауда үстемелерін 5-15% - ға дейін төмендетті.

Бұл ретте, сауда үстемесін асыра пайдаланғаны үшін әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылды, ішкі сауда субъектілеріне қатысты ескерту түрінде 126 әкімшілік хаттама толтырылды, 1 айыппұл салынды.

Сауда комитетінде атап өткендей, тексерістермен ірі қалалар мен облыс орталықтары, сондай-ақ аудан орталықтары қамтылады. Мониторингтік топтардың құрамына қоғамдық ұйымдар мен партиялардың өкілдері де кіреді.