Елдің барлық азаматтары үшін ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Еңбек министрлігі Электрондық еңбек биржасында Ұлттық жобалар шеңберінде іске асырылатын 2000-нан астам жоба және оларда құрылатын 43 мың жаңа жұмыс орны орналастырылған.

Бүгінгі таңда аталған жұмыс орындарына 11 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 8 мыңы Электрондық еңбек биржасы арқылы және 3 мыңы жергілікті атқарушы органдардың жұмыспен қамту орталықтарының көмегімен жұмысқа орналастырылды.

Кеңес барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жергілікті атқарушы органдарға халықты ақпараттандыру және жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген 118 мың жұмыссыз азаматты жұмысқа орналастыру бойынша шаралар қабылдау жөніндегі жұмыстың жеткіліксіздігін атап өтті.

Жиын қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға жұмысқа орналасудың төмен деңгейінің себептерін анықтау және жергілікті жерлерде жұмысты жандандыру туралы тапсырма берілді.